Кеттік…
Жылдың цитатасы дегеннен гөрі, жылдың сұрағы десем болатын шығар
— Это опрос или допрос?
— Это — запрос!
Жылдың үздік сайты: Зона.kz интернет-газеті
Жылдың танысулары: біреуі де еске түспей тұр, мән бермейтіндігімнен шығар…
Жылдың ең үздік тағамы: еттен жасалған тағамның бәрі — жылдың үздігі
Жылдың ең үздік сусыны: қайнатылған итмұрын, дәмі әлі естен кетпейді.
Жылдың ең үздік әсері: Әрбір қызмет жасаған орындарда атқарған істеріңмен есте қалатының.
Жылдың экстримі: роликті конькиді артқа қарай жүріп теуіп көрдім (қайталап көруге кеңес бермес едім)
Үздік кеш: «Қоңыр» тобының концерті
Осы жылда ашылған қызығушылық: қазақы әшекей бұйымдар туралы көбірек білуге деген қызығушылық
Рухани: түсінбедім осы сұрақты
Орындалған арман: Армандамай, ой-қиялдан — іске көшу деген принцип негізгі ұстаным.
Көптен ойда жүрген үйдегі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Үздік қала: Ақтөбе
Жылдың ең үздік орны: сулы-көгалды гүлзар
Рухани өзіндік жаңалық: жұрттың пікірін аяғына дейін тыңдап, өз ойыңдағыны іске асыру.
Үздік әнші: Ерболат, «Біздің жігіттер» туындысымен
Үздік топ: «Ұлытау»
Үздік фильм: аса қызықпаймын, есте қалғаны — «Ағайындылар»
Үздік кітап: Цвейгтің шығармалары
Ең керемет күн: демалыс күндердің бәрі
Жылдың әділетсіздігі: ——–
Сәтті сатып алынған зат: замша етікті сүртуге арналған щетка.
Ең керемет адам: папам
Үздік киім: туфли
Жылдық сыйлық: Салтанат сыйлаған сырға мен алқа.
Керемет жаңалық: Қыдырәлінің орындауындағы «Сағынамын» деген әнін таппай жүргем, соны таптым. Рахмет, Сәкен
!
Эстафетаны Кәмшатқа табыстаймын.


Кеңсе қызметкерінің киіну стиліне тән қатып қалған қағидалар болады (туфлидің өкшесі 4-5 см артық болмауы тиіс, колготки — 20 Den, белдемшелердің арнайы ұзындығы). Бұл — тәртіп. Қазір тіпті кейбір компанияларда арнайы ереже де бар, дресс-код туралы. Кейде апта бойы кеңселік костюм, шалбар, жейде (рубашка) жалықтырып жібереді. Осыны ескерген дизайнерлер кеңсеге киілетін киім үлгілерінің қоңырқай болмауын назарға алған.