29 06 09

Клатч

Осы бір шап-шағын сөмкенің сиқыры бар десе де болады. Өте ыңғайлы: көшеге серуендеге, кешке — клубқа, мейрамханаға қыдырып барсаң да, қолыңа қыстырып, жүре бересің.
Минимализм және ыңғайлылық. Міне, осы екі басты қағиданы ескерген қазір дизайнерлер.
Сонау 40-жылдары Кристиан Диор дәуірінен келе жатқан клатчтардың қазір небір түрі бар. Қалауыңызға қарай түрлі-түстісін, әртүрлі пішіндісін таңдауға еркіндік бар.
Суреттер www.kulturskolan.st сайтынан алынды.

Filled Under: Талғам

17 06 09

Реалтоныңыз қандай?

Ақзеренің блогынан ұялы телефыңызға келген “Соңғы СМС қандай” екендігінен хабардар болғанбыз. Енді реалотон мен рингтондар туралы айта отырсаңыздар
Мысалы, мен реалтонды жиі өзгертіп тұрамын. Оны таңдағанда қоңырау шалушының кім екенін ескеремін. Құрбыларыма, ағайындарыма, достарыма, жұмыстастарыма бөлек-бөлек музыка таңдаймын
Сіздер ше?
P.S. Сурет — Ақзеренікі. Рахмет

15 06 09

Біздің ауыл сұрасаң…

Ақтөбенің маңындағы елді-мекендерге сапардан түсірілген суреттер…
Бұл — Ырғыз өзені. Ұзындығы — 593 км. Мұғалжар тауларынант бастау алады. Ақтөбеліктерге Ырғыз өзені балығымен жақсы таныс.
Хромтау — Ақтөбеден 86 км. қашықтықта жатқан аудан. Аты айтып тұрғандай, хром өндірілетін  өндірісті аудан.  Қала статусын 1967 жылы алған.  
“Тау” — демалыс орталығы. Қала маңында орналасқан. Жанында Қарғалы өзені ағып жатыр.

Балалар демалыс [...]

12 06 09

Жұма күнгі жаңалық

Ойлап жүргем. Ұмытып кеткен шығар деп.  Ал ол уәдесінде тұрды. “Қалай, жаңа дизайн ұнайда ма?” деген хабарлама келіп тұр. “Сюрприз” екенін түсіндім
Рахмет, Аршат!

Фуксия. Lanvin, Marc Jacobs, Sonia Rykiel, Givenchy, Alexander Mcqueen, Roberto Cavalli секілді дизайнерлер осы түсті өз көрсетілімдерінде көбірек қолданды.
Бозғылт. Nina Ricci, Chloe, Stella McCartneyлердің аса ден қойған түсі — бозғылт.

Аквамарин.
Gucci, Giorgio Armani, Celine, Moschino, Miu Miuдің ұнатқан басты түсі.
Цитрус. Christian Dior, Marc by Marc Jacobs, Celine.
Лаванда. Жылдың жаңалығы деуге болады бұл түсті. Өйткені, бұрын-соңды [...]

Filled Under: Талғам

Шашбау ұзын бау (шынжыр), тиындар тізбектелген лента және оюмен бедерленген қаңылтырлардан тұрады. Шашбаудың ұшында  күміс салпыншақтары болады.
Бұрымға тағу әдісі: өрім басталған тұсқа бекітіледі. Шашбау бұрымның қалыңдығын, қолаңдығын білдіретін болған.

Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып
Дәл сұлу бұрандаған шолпы тағып (М.Жұмабаев)
Шолпы — екі баудан тұратын шашқа арналған күміс  әшекей.  Қаңылтыр әшекей екі бау арқылы ортасындағы үлкен күміс [...]