Сонымен, Балдырғаннан келген эстафетаны жалғастырсақ… Интернет  өзгерткен  5 нәрсе…

1. Мен үшін бірінші ақпарат көзіне айналды. (ТВ қарауға, газет оқуға бөлетін уақытым азайды);

2. Кітап дүкеніне баруды сиреттім. Он-лайн оқыған әлдеқайда ыңғайлы.

3. Сертификатсыз “аспазшы” атағын алдым :)

4. Айналамдағылардың “он-лайн” ренжісіп, артынан көңілі қаласа, қайта қауышатынының куәсі болдым. Демек, сезім де интернеттеніп бара жатыр-ау, шамасы…

5. Кейде қарапайым үйдегі нәрсенің қайда тұрғанын таба алмай жатқанда, “гуглить” еткім келіп кетеді :) Ең оңай жолы сол секілді.
Эстафета тәртібі бойынша, Аршатқа ұсынамын кезекті.

Өзгерту мен толықтыру: (9/07/09) Эстафетаны Өрімталға ұсынамын. :)


14 пікір “ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ БІЗ” мақаласына

  1. Аршат:

    сондай гугломания менде де бар

  2. balgyrgan:

    “сертификатыңа” қызығып отырмын :) сосын, шын адам бетіндегі эмоцияны оқудан қалып барамыз ба :) смайликтен көңіл-күйін аңғаруға дейін “түсіп” кетіппін :))

  3. ainameken:

    :)

  4. Bayan:

    Ол “ауызша” айтылған “сертификат”. Былайша айтқанда, заңдық күші жоқ :) Смайликтер дәуірі басталды :)
    Жан-айна, сіз осы постты оқыған сәттен бастап, эстафетаны қабыл алды деп санаймыз :)

  5. ainameken:

    Жақсы, Баян. АЛЛА қаласа, мен ойланайын :)

  6. Bayan:

    Тек ойланып қана қоймай, жазыңыз :)

  7. Kudaibrgen:

    Мен әпкем Әселді гуглге ұқсатам, үйдегінің барлығын біледі)

  8. Bayan:

    Тауып айттың, Құдайберген :) Әрбір үйдің бір “гуглы” болады екен ғой. Біздің үйдің гуглы — мамам :)

  9. өрімтал:

    Сертификатың шынымен де мақтануға тұрарлық екен. Бізге кезек қашан келер екен, ә? Кезегім келмей жазып қойсам, ұят болатын шығар. Тууу, сұрап алғандай болатын болдым ғой :)

  10. Bayan:

    Құрметті, қазақ блогшылары!
    Бәріңіздің пікірлеріңіз, осы туралы посттарыңыз біз үшін қызық болмақ! Жазыңыздар, оқиық ! :)

  11. өрімтал:

    Шынымен де сұрап алдым-ау :)

  12. Bayan:

    Біз де әдейілеп “сұрасын” дегендей кейіпте болдық-ау :)

  13. Интернет өзгерткен 5 нәрсе « Өрімтал:

    [...] } Эстафетаны Баяннан қабыл алдық. [...]

  14. Bahtgul65:

    Мен оқып,күліп отырмын…Интернет өзгерткен өмірлер ұқсас па деп қалдым…

Пікір жазу