Кеттік…

Жылдың цитатасы дегеннен гөрі, жылдың сұрағы десем болатын шығар

Это опрос или допрос?

— Это — запрос!

Жылдың үздік сайты: Зона.kz интернет-газеті

Жылдың танысулары: біреуі де еске түспей тұр, мән бермейтіндігімнен шығар…

Жылдың ең үздік тағамы: еттен жасалған тағамның бәрі — жылдың үздігі :)

Жылдың ең үздік сусыны: қайнатылған итмұрын, дәмі әлі естен кетпейді.

Жылдың ең үздік әсері: Әрбір қызмет жасаған орындарда атқарған істеріңмен есте қалатының.

Жылдың экстримі: роликті конькиді артқа қарай жүріп теуіп көрдім (қайталап көруге кеңес бермес едім)

Үздік кеш: «Қоңыр» тобының концерті

Осы жылда ашылған қызығушылық: қазақы әшекей бұйымдар туралы көбірек білуге деген қызығушылық

Рухани: түсінбедім осы сұрақты

Орындалған арман: Армандамай, ой-қиялдан — іске көшу деген принцип негізгі ұстаным.

Көптен ойда жүрген үйдегі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Үздік қала: Ақтөбе

Жылдың ең үздік орны: сулы-көгалды гүлзар

Рухани өзіндік жаңалық: жұрттың пікірін аяғына дейін тыңдап, өз ойыңдағыны іске асыру.

Үздік әнші: Ерболат, «Біздің жігіттер» туындысымен

Үздік топ: «Ұлытау»

Үздік фильм: аса қызықпаймын, есте қалғаны — «Ағайындылар»

Үздік кітап: Цвейгтің шығармалары

Ең керемет күн: демалыс күндердің бәрі

Жылдың әділетсіздігі: ——–

Сәтті сатып алынған зат: замша етікті сүртуге арналған щетка.

Ең керемет адам: папам

Үздік киім: туфли

Жылдық сыйлық: Салтанат сыйлаған сырға мен алқа.

Керемет жаңалық: Қыдырәлінің орындауындағы «Сағынамын» деген әнін таппай жүргем, соны таптым. Рахмет, Сәкен :) !

Эстафетаны Кәмшатқа табыстаймын.


10 пікір “Жылдың қорытындысы” мақаласына

  1. akzere:

    Махаббат қайда, махаббат? :)

  2. Bayan:

    Баяғыда бір редакторымыз “Өмірге қандай махаббатпен қарасаңдар, нөмірге де сондай махаббатпен қараңдар” дейтін. Сен де тура сол секілді болдың ғой :) Өмір сүріп жүргенімнің өзі — махаббаттың арқасы ғой :)

  3. ainameken:

    Қызығушылық мықты екен!!! рахмееет сізге, Баянжан!!!

  4. Bayan:

    Сол мәліметтер бір қалыпқа түскен соң, блогқа жариялап отыру — жоспарда бар.

  5. balgyrgan:

    гүлзар деген не?

  6. Bayan:

    Бульвар

  7. Әлия:

    үздік қала - туған қала, дұрыс ;)

  8. Жылдық есеп « 6 градус әлемді өзгертеді:

    [...] латте (кок шай латте), керемет жақсы көремін!!! бірақ Баянның итмұрын сусыны қандай екен деп қызығудамын:). Жылдың үздік әсері, [...]

  9. cheap generic drugs:

    Interesting and informative. But will you write about this one more?

  10. www.auto-stm.ru:

    Автор выйди к народу, вопросы есть!

Пікір жазу