16 01 09

Сағыныш

Мен оны сағынып жүрмін.

Күлкісін.

Қылығын.

Тезірек асыға күтіп жүрмін.

Дәл осылай ешкімді сағынбаған шығармын.

P.S. Сағыныш деген жақсы нәрсе… Сағыныңыздар…


24 пікір “Сағыныш” мақаласына

  1. Айко:

    Сағыныш деген жақсы нәрсе… КЕЛСЕМ!
    Сағыныңыздар… САҒЫНДЫРТСАҚ ше? :)

  2. Bayan:

    Сағыныштың жақсы екенін білетіндер, міндетті түрде сағындыртқандарды сағына береді))))

  3. Нұрғиса:

    Сурет менде ашылмай тұр. Не сүйрет екен?
    Айко, футболка алуға кетіп қалсаң, әрине сағындыртасың :)
    Әйтеуір, футболкалы болатынына қуанышы сыймай жүр. Қойнына. Баянның қойнына сыймай жүр. Қуаныш. Баянның қуанышы. Футболкалы боламын деген қуанышы… Баянның… :))))))))))))))))))

  4. Bayan:

    Футболка үшін ғана сағынасың ба не,Нұрғиса?)))

  5. Bayan:

    Сурет сағынып жүрген адамның суреті….

  6. Нұрғиса:

    Анау адам суретті сағынып жүр ме?

  7. Bayan:

    :) Упс, кешірім өтінем, жазу мына редакцияда оқылуын сұраймын — суретте: сағынып жүрген адам

  8. Нұрғиса:

    хммм, қызық, сурет қалай сонда? сағынып жүргенін қайдан білесің? мүмкін, ол көп шай ішіп қойып, ең жақын маңдағы клозет қай жерде деп қысылып тұрған шығар? олай болса бұл сағыну болмайды, Баян…

  9. Bayan:

    Нұрғиса, бұл бейтарап сурет. Әркім қалай ойлайды, солай түсінеді.

  10. Ansar:

    Ғашық болып, сағыныштың сары уайымына салынғандарүшіе жақсы. Айдалада жалғыз қалып, ата-анаңды, бауырларыңды және достарыңды сағынғанда Ееехх деп қоясың. Сағынған ұнамайды маған. Үйге қайтқым келеді :(

  11. Bayan:

    Ansar, айдала дегеніңізге қарағанда елден жырақта жүрген секілдісіз.

    P.S. Мына жоғарыдағы сурет — елді сағынып, сыртта жүрген достың түсірген суреті.

  12. Bayan:

    Кешірерсіздер, бұл сурет емес, “Ұшқан ұядағы” сурет.

  13. Нұрғиса:

    Аңсар, Шымкентте қайта болар күнің көп ұзамай келеді. Сабыр, тек сабыр! ;) Мұратыма жетем десең…

  14. Bayan:

    Аааа, Нұрғисаның жерлесі екенсің ғой

  15. Ansar:

    ия, жерлеспіз

    Сурет анимация болса керек

  16. akzere:

    Мен де блогымда сағынышты жырласам, сіздің блог та тұнып тұрған сағыныш… :-) Қыздың жанын қыз түсінер…

  17. Bayan:

    Akzere, солай боп тұр:) Сағынып, сағындырта бер…

  18. Bayan:

    Жоқ, анимация емес. Карапайым сурет кой. Неге көрінбей тұрғанын түсінбедім…

  19. бұл...мен:

    Анау скрипкада ойнап тұрған қызды әңгіме қылып жатсыздар ма бәріңіз, әлде сағыныш турасында пікір алмасып жатсыздар ма? Егер сурет тұрғысында болса, ол бойжеткен бір мұңлы әуен ойнап тұрған секілді. Сағыныштан шыққан мұңлы әуен. Өзі аспан да түнеріп кеткен. В общем, айналасының бәрі думкаға түсіп кетіпті ғой.
    Ал мен қазір әскерге кеткен інімді сағынып жүрмін. Түркіменстанға тұрмысқа шыққалы 15 жыл көрмеген апамды сағынып жүрмін. Мектеп бітіргелі көрмеген сыныптастарымды, ауылда қалған достарымды, университет бітіріп, жан-жаққа тарап кеткен группаластарымды да көрсем деймін. Сағыныш в настоящем времени маған ұнамайды. Тек в прошедшем жақсы. Менің философиямды түсінбегендерге: сағынып жүрген уақыт көңілсіз өтеді. Бірақ сағынған адамды көретін, құшатын сәт туса, міне сол сәт маған өте ұнайды. Сағынған адамды кезіктірген сәт…

  20. Bayan:

    Сен оны сағынып жүрсің ғой, иә? Білесің ғой, кімді меңзегенмді…

  21. Алмас АЛТАЙ:

    Ең алғаш рет есімнен кетпейтін сағыныш сезімі 2003 жылы болған еді… Бір әдемі қызды сағынғам, ой, күн санап елеңдеп, маза жоқ, ұйқы келмейді. Бірақ, оған ғашық емеспін, досым тын… Еңсеңді езіп жібереді сағыныш, әйтсе де мұңының өзі тәп тәтті!

  22. Асель:

    Табиғатым солай шығар, тез сағынам. Әсіресе мамамды. Жылайм кейде. (Ой, айтып қойппын ғой, тек кулмендер! )Уйді, бауырларымды, Шымкентті, сондағы достарымды, мектебімді, кішкентай кезімді, ауылдағы әжемді…

  23. Шынар:

    Сағыныш…Иә сезімдердің ішіндегі ең қиыны әрі мұңлысы, неге десеңіз,егерде біреуді сағынсаңыз көңіл-күйіңіз түсіп, кездесіп,қауышып,сағышыңызды басуды армандайсыз.Ал мен ең алғашқы махаббатымды сағындым,бірақ қазір оның қайда жургенінде білмеймін,оны көргім келеді.Қайда жүрсемде оны іздеумен боламын.Үміттенемін әйтеуір бір күні кездесіп қалармын деп…

  24. Шынар:

    Сағыныш…Иә сезімдердің ішіндегі ең қиыны әрі мұңлысы, неге десеңіз,егерде біреуді сағынсаңыз көңіл-күйіңіз түсіп, кездесіп,қауышып,сағышыңызды басуды армандайсыз.Ал мен ең алғашқы махаббатымды сағындым,бірақ қазір оның қайда жургенінде білмеймін,оны көргім келеді.Қайда жүрсемде оны іздеумен боламын.Үміттенемін әйтеуір бір күні кездесіп қалармын деп…

Пікір жазу